Àðìàíàé Lyrics

әні, сөзі: Е.Серікбаев

Арман-ай, тым алысқа
Әкеттің-ау сен мені.
Қайғы ма, қуаныш па,
Әуре боп жүрмін бе әлде?
Өзіңсің көңіл жықпас
Жұбанышым әзірге.
Армандар орындалар ма
Екен-ау өмірде

Қайырмасы:
Өзіңсің мәңгі серік қасыма алған,
Қайда бастап барасың сен ғашықпын саған.
Әу, неткен жеткізбейтін жүйрік едің, қалай жетем,
Көңілім сірә менің басылар ма екен?!

Ақ арман аялдама,
Алысқа биік самға.
Серт еттім сол биікте
Сенімен табыспаққа.
Апарсаң сонда апар,
Тек жықпа мені жарға.
Іздген үмітімнен
Мені алыстатпа.

Қайырмасы.

Өзіңсің мәңгі серік қасыма алған,
Қайда бастап барасың сен ғашықпын саған.
Жетеле тек мені алға, бақытқа,
Адастырма, арманым!

See also:

111
111.69
Michael Jackson Beat It (Featuring Slash) Lyrics
Arcangel No Se Si Fue Ft. Zion Lyrics